ТАЛАПКЕРЛЕРДЕН ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУДАҒЫ ҚИЫНДЫҚ НЕДЕН ТУДЫ?
Қызылордалық талапкерлерден оқуға құжаттар қабылдау барысында туындаған келеңсіздіктер жөнінде республикалық ақпарат құралдары көрсеткен еді. Осыған орай бүгін Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың проректоры, қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары Абайбек Жүнісов түсінік берді.
«Мемлекеттік білім грантының конкурсы үшін құжаттарды бізден басқа, «Болашақ» университеті мен Қазақ-Қытай академиясына да өткізуге болады. Алайда мемлекеттік оқу орны деп көбі бізге келіп жатыр. 23-29 шілде аралығында «Болашаққа» – 97, Қазақ-Қытай академиясына 12 талапкер ғана жүгінген. Ал біздің университетке 2471 өтініш түскен», -деді Абайбек Жүнісов.
«Астана» телеарнасынан берілген сюжетке байланысты жағдайды 28 шілде күні конкурсқа қатысушылардың көп болғанымен байланыстырып отыр.
«Аудандардан, шалғай ауылдардан келген жастар мен олардың ата-аналарының тілегін ескеріп, техникалық хатшылар түнгі сағат 2 жарымға дейін жұмыс істеді. Сол күні қабылдау комиссиясына 870 талапкердің өтініші қабылданған», - деді ол. Оқу қамымен жүрген жастардың көптігіне байланысты техникалық хатшылар саны да арттырылған.
Айта кетейік, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің №5 корпусында үкіметтің «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» атты мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Серпін - 2050» бағдарламасы бойынша бөлінген мемлекеттік гранттардан үміткерлер де құжаттар өткізуде.
Назерке САНИЯЗОВА