«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒАЖАЙЫПТЫҢ» ТҮП-ТАМЫРЫ НЕДЕ?
ХХ ғасыр дәстүрлі түрде архаикалық артта қалған елдердің күтпеген жерден дамыған, табысты және экономикасы бай мемлекеттер қатарына қосылғандығын бүкіл әлемге үлгі ретінде көрсетті.
Өркениеттен тыс қалған оңтүстік кореялықтар мен сингапурлықтардың небәрі 25-30 жылда жаһандық индустриалды және қаржы орталықтарының деңгейіне дейін көтерілетіндігін ешкім күтпеді. Тарихшылар мен әлеуметтанушылардың зерттеуінше, бүгінгі күні «Оңтүстік Азия жолбарыстары» – Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия, Тайвань, Жапония сияқты елдердегі экономикалық ғажайыптың феномені ұлттың бәсекеге қабілетті факторында.
Бәсекеге қабілеттілік – бұл мемлекеттің және қоғамның тиімділігінің деңгейін, басқа елден еңбек ресурстары мен сапасы жөнінен озу қабілетін көрсететін – соған сәйкес, қосымша құны бар өндіруші күштерді білдіретін утилитарлы экономикалық тұжырымдама. Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым бай және табысты елдер қатарындағы рейтингтен сол ел жоғары орын алады.
Қазіргі кезде бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейінің арқасында өмір сүрудің ең жоғары көрсеткішін қамтамасыз ете алатын «ұлттық чемпион клуб» жетекші топ бар. Олар көшбасшылық тәжірибесімен бөлісіп, жаңадан бастағандарды «элиталық клубқа» қосуға құлықты еместігі түсінікті.
Бірақ, өркениеттің дамуындағы қазіргі сәттің ерекшелігі сол, көпшіліктің, соның ішінде жас мемлекеттер де көшбасшы қатарынан орын алу мүмкіндігіне ие. Бұл жерде мәселе прагматизм, жеке кәсібилік және білімі, оқи алу, жаңару, өзгеру машығы дегендей әр адамның бәсекеге қабілеттілігі сияқты заманауи құндылықтар негізінде халықтың топтасу қабілеттілігі жатыр. «Оңтүстік Азия жолбарыстарының» тәжірибесі аталған елдердің ұзақ мерзімді көшбасшылықты қамтамасыз етіп, жаһандық бәсекеге қабілеттілігінің негізін құрайтын дәл осы құндылықтар екенін көрсетті.
Қазақстан Президенті бағдарламалық мақаласында халықтың қоғамдық санасын жаңғырту қажеттілігін айтты. Әлемнің ең бәсекеге қабілетті экономикасының қатарына кіру осыдан 8-10 жыл бұрынғы үдемелі индустриялық-инновациялық жаңғырту бағдарламасының жүзеге асуымен болатындығын баяғыда айтқан. Сол кезде Н.Назарбаев жетекші мемлекеттердің қатарына енуге бізде мүмкіндік мол деген еді.
Қазақстанда бұған қажеттінің бәрі бар: жоғары интеллектуалды, біртұтас, білімді ұлт, әлеуметтік-саяси тұрақтылық, тамаша инвестициялық жағдай, инвесторлар үшін қолайлы салық жүйесі. Бұған қоса, ірі мұнай-газ ресурстары мен металл қорлары, қуатты мұнай-газ саласы және металлургия Қазақстан иелігінде. Бұл бізде мықты экономикалық қолдау, индустрияның инновациялық салаларын дамытудың қаржылық негізі, жоғары технологиясы бар деген сөз.
Қысқасы, экономикалық серпіліс үшін бүкіл жағдай бар. Ең бастысын жасау ғана қалды – ол қоғамдық менталитетті өзгерту. Әрине, кеңестік дәуір мен «жабайы» 1990 жылдарға қарағанда айтарлықтай өзгерді, бірақ, әлі де жаһандық экономика қойып отырған талаптарға сай емес.
Біздің сана да жаңғыртудың міндеттеріне жауап бермейді. Қоғамда өмір сүруге кедергі келтіретін, қажетсіз, ескірген стереотиптер көптеп сақталып отыр. Әлі күнге дейін білімі мен қабілетіне емес, жылы жұмсақ орын тауып беретін ағаларға сену әдеті қалмай келеді. Көпшілігіміз ақшаны есепсіз шашу, қалай төлеуді ойланбастан банктерден несие алу, қарызға дүркіретіп салтанатты той жасап, қымбат көлік сатып алу әдетінен құтыла алмай жүрміз. Мұның бәрі қоғамның алға жылжуын бөгет жасайды. Мұның барлығы өткен дәуірдің қажетсіз, ескірген әдеті. Біз – ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз.
Мұндай қиындықтарға тек Қазақстан ғана тап болған жоқ. Қоғамдық менталитетті жаңарту міндеті әлемнің барлық мемлекеттерінің алдында тұр,- деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. Себебі, дәуірлер алмасып, түбегейлі жаңа экономикалық құрылым қалыптасып жатыр. Бұл сәтте Қазақстанға дамудың жаңа деңгейіне жетудің, қоғамдық сананы өзгертіп, күшті, прагматикалық, жауапты адамдарға айналудың бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі замандағы әр түрлі елдердің экономикалық, мемлекеттік және қоғамдық жүйелері арасындағы қатаң бәсекелестік, жаңа сынақ тұрғысында ұлттың бәсекеге қабілеттілік маңыздылығын түсіну қажет. Халық бәсекеге қабілетті болу үшін заманауи құндылықтарды қабылдап, бірігуі қажет.
Жаңа жағдайға, болмысқа бейімделіп, алдыңғы буынның асыл қазынасын алып әрі қазіргі заманның ең озығымен қарулануы тиіс. Әрбір жан қай жағынан күшті, қай жағынан талантты екенін анықтап, үздік атану, әлеуметтік сатыда жоғары мәртебеге жетіп, көп табыс табу үшін қабілеттерін одан әрі дамытуы тиіс.
Ал ұлт аймақтық және жаһандық нарықта ұтысқа жету үшін өзіне ең маңызды дүниені түртіп алуы қажет. Бұл тек материалдық өнім емес, білім, ғылым, интеллект, философия, мәдениет, өнер де болуы мүмкін.
Бұл үшін көп нәрсе қажет емес. Қазақстандықтар үшін компьютерлік сауаттылық, шет тілін меңгеру, кәсіби дағдылар, мәдени ашықтық сияқты факторлар маңызды. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы мектептегі үш тілді оқыту бағдарламасы, мәдени және конфессияаралық келісім бағдарламасы – мұның бәрі қазақстандықтардың ХХІ ғасырда өмір сүру сапасын жаңа арнаға бұратын жаңғыруға серпіліс жасауға дайындық пен ұлттық өзін-өзі тануды жаңғыртудың құрамдас бөлігі болып табылады.
Әрбір адамның санасын жаңғырту, ең алдымен, бізді алға жылжуға кедергі келтіретін көптеген әдеттер мен стереотиптің өзгеруі. Бірінші орынға прагматизм, яғни нақты мақсаттарды қойып және оларға жүйелі түрде жету үшін лайықты өмір сүру шығады. «Бір кездері мемлекеттік деңгейде прагматикалық көзқарастың жоқтығы, Арал теңізінің жоғалуына әкеліп соқтырған ысырапшылдық, мыңдаған гектар құнарлы жердің экологиялық апат аймағына айналуына әкелді», – деді
Президент ХХІ ғасырда мұндайға жол берілмейді. Өзіңнің ресурстарың мен мүмкіндігіңе сергек қарай отырып, нақты мақсаттарға қол жеткізуге талпыныс, бар өміріңізді ұтымды тұрғыдан негіздеу қабілеті – бұл кең мағынадағы прагматизм.
Ең табысты елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл бүгінгі әлемдеге дамудың жалғыз ең табысты үлгісі.