ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ЖЕКЕ СЕКТОРЫ 80%-ҒА ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН
Қызылордада қаланы газбен қамту бағдарламасы қарқынды іске асырылып келе жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.
Қала әкімдігінің ақпаратынша, қазіргі таңда жеке сектор 80 пайызға дерлік газбен қамтылған, көп қабатты – 76 пайызға. «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбыры арқылы қала маңындағы Тасбөгет және Қызылжарма ауылдарын газбен қамту жоспарланып отыр.
Өңір тұрғындарын газбен қамту бойынша алдағы бірнеше жылға ауқымды жоспарлар әзірленді. Облыс басшылығы Қазтрансгазбен бірлесіп ауылды елді мекендерді газдандыру жобасын жүзеге асыруға дайындық жұмыстарын жүргізді. Алғашқы кезеңде 21 елді мекенді газбен қамту көзделіп отыр. Егер жоспар сәтті іске асырылып жатса, онда 2017 жылы өңірдегі елді мекендердің 70 пайызы газдандырылады.