ЖАСТАР РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ КЕЗІНДЕ ШЕШУШІ РӨЛ АТҚАРАДЫ
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – стратегиялық маңызға ие, жасампаз халқымыздың жарқын болашағын айқындайтын бағдарлама. Бір заманда үш ұрпақтың өкілі бірге өмір сүреді. Осы үш ұрпақ заманның бар мәселесін анықтайды.
Бірақ, осылардың ішінде бір ұрпақ мәселені шешуші болады. Осы замандағы басты рөлде жастар ойнайды. Жаңалықты әкелетін жастар. Сондықтан елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы тікелей жастарға арналады. Рухани жаңғыратын кез келді. Сана жаңғырған кезде барлық адасулыққа тосқауыл болады. Біздің санамыз еуропалық, орыстық, арабтық негізде емес, өзіміздің ұлттық болмысымыздан бастау алу керек. Елбасы бұл туралы мақалада нақты айтты.
Міне, осындай "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы міндеттер мен "Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобасын, яғни ұлттық құндылықтар жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын кеңінен насихаттау мақсатында Жалағаштық жастар бас қосты.
Шара Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 12 тамыз - халықаралық жастар күніне орай "Жастар рухани жаңғыру жолында" атты жастар керуені акциясы аясында ұйымдастырылған.
Оған облыстық "Рухани жаңғыру" орталығының бөлім басшысы Ә.Әбдіқалықова, "Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобасының Қызылорда облысынан жеңімпаз болған 4 жүлдегердің бірі С.Әбдірахманова және сала мамандары қатысты.
Жиынға қатысушылар ұлттың болашағы, рухани дамуы негізінде сүбелі әңгіме өрбітті.