«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ КИЕЛІ МҰРАСЫ»
Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылдық округінде «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» атты тарихи-экологиялық экспедиция эстафетасын қабылдап алуға арналған кездесу болып өтті.
Қызылорда облысы – аталған экспедиция эстафетасының соңғы нүктесі. Көршілес жаңадан құрылған Түркістан облысының делегация мүшелері Сунақата ауылдық округіндегі шараға қатысты.
Шараның ашылуында «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Бауыржан Үсенбаев алғы сөз сөйледі. Сондай-ақ, Сунақата ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Асхат Қыдырбаев, «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның Түркістан облыстық өңірлік штабының өкілі - Нүркен Әлімқұлов және Қызылорда облыстық өңірлік штабының өкілі - Шамиль Нагуманов шара бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір білдірді.
Кездесу соңында эстафетаны ресми қабылдау болды.
Әрі қарай шара көне Сығанақ қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстарымен танысумен жалғасты. Сығанақ қалашығындағы экскурсияны Халықаралық қазақ-түрік университетінің Археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Маралбек Амантуров жүргізді.