АРАЛДА ӨРТ СӨНДІРУ ДЕПОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
Жуырда Қызылорда облысы №1 мамандандырылған өрт сөндіру мекемесіне Республикалық бюджет есебінен жаңа 3 өрт сөндіру автокөліктері берілді, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.
Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Ә.Көкеев автокөліктердің кілтін тапсыру сәтінде жеке құрамның жетістіктері мен атқарған жұмыстарын жоғары бағалап, қызметкерлердің еңбектеріне алғыс білдірді.
Сонымен қатар, мекеме басшысы алдағы жылы облыстық мемлекеттік даму бағдарламасы бойынша Арал ауданында өрт сөндіру депосының құрылысы басталатындығын жеткізді.
Фариза ОМАРОВА