ЕМЛЕ ЕРЕЖЕЛЕР ЖОБАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БАЙҚАУ СЫНАМАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Қызылорда облысында 2-3 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа емле ережелері қанатқақты жобасының сынама жұмыстары өтіп жатыр.
Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық және Әдістемелік жұмыс топтары Қазақ орфографиясы ережелерінің концепциясының негізінде «Латын графикасы негізіндегі жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелерінің жобасын» сараптап, талқылаудан өткізген болатын.
Шараның мақсаты – қазақ тілді қауым өкілдері арасында сынама сауалнама жүргізу арқылы жаңа емле ережелері жобасын әзірлеу барысында туындаған мәселелердің тиімді жолдарын анықтау. Сынаманы ұйымдастырушыларды қазақ мәтінін құрайтын төл, кірме және шетел сөзін латын әліпбиімен таңбалауда тіл қолданушылар басымдық берген жазба-үлгілері (орфограммалар) алынады.
Қазақ тілді қауымның шет тілдерден енген сөздерді жазу арқылы игеруін анықтау, жаңа емле үшін маңызды.
Сынама нәтижесінде анықталған статистикалық әрі сапалық мәліметтер емле ережелерінің жалпыхалықтық қолдауға ие нұсқасын әзірлеуге септігін тигізеді.
Сынамаға Қызылорда облысынан басқармалар, департаменттер, облыстық, қалалық және аудандық әкімдік қызметкерлері қатысып жатыр.