ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЫЛУ ҚЫМБАТТАЙДЫ
Қыс – қыр астында. Осы жолы қызылордалықтар үшін жылу тарифі қымбаттайтын болды. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихат сессиясында аймақ басшысы айтты.
«Теңгенің девальвациялануына байланысты үдерістерге қарамастан, біз жылу маусымының аяғына дейін жылу тарифін өсірмедік. Бірақ алдағы күз бен қысты жаңа тарифтермен бастаймыз. Халыққа арналған тариф 8 пайызға қымбаттайды. Олай етпеске амал жоқ. Әйтпесе, қажетті кәсіпорынды шығынға батырамыз», - деді Қырымбек Көшербаев.
Әлеуметтік және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы салаларындағы мекемелерді жылу маусымына дайындау үшін 500 млн. теңгеден астам қаржы бөлінбек. Оған қоса, Қызылорда жылу электр орталығын жаңғырту мен кеңейту жобасының техникалық экономикалық негіздемесі жасалды. Мақсат – электр қуатын өндіру көлемін арттырып, аймақтың энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету.