ҚЫЗЫЛОРДАДА «ДУАЛЬДІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» АЯСЫНДА 397 СТУДЕНТ БІЛІМ АЛУДА
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бойынша «Дуальді білім беру жүйесінің Жол картасы» жүзеге асыру, бірлесе басқару, жастарды ерте кәсіби бейімдеу бағыттарында жұмыс жүргізуде.
Нәтижесінде Палатаның бастамасымен облыста колледждерді бірлесе басқаруды енгізу жобасы жүзеге асырылуда, дуальді білім берудің Жол картасын жүзеге асыру сүйемелденуде, кәсіптік бейімдеу шараларын өткізуге кәсіпорындарды тарту шаралары қабылдануда.
Мәселен, бүгінгі күнге дейін облыста 21 кәсіпорын және 8 колледж, сондай-ақ облыстық білім басқармасы мен Кәсіпкерлер палатасы арасында 4 жақты келісім-шарт жасалып, бүгінде 397 студент 17 мамандық бойынша білім алуда.
Сондай-ақ, «Сервис және қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлер Қауымдастығы» құрылып, Қауымдастық аясында Қызылорда индустриалды-техникалық колледжін әріптестік басқару туралы 4 жақты Келісім-шартқа қол қойылды.
Аталмыш оқу орнына биылғы оқу жылында түскен 150 студенттің 75-і жұмыс берушілердің ұсынысы бойынша қабылданды. Студенттер оқу орнын тәмамдағанда толықтай жұмыспен қамтылмақ.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі