BEELINE ҚАЗАҚСТАН «СІЗГЕ АРНАЛҒАН ИНТЕРНЕТ» ЖОБАСЫНЫҢ СЕРІКТЕСІ БОЛДЫ
Beeline Қазақстан және «Vласть» БҮ «Сізге арналған Интернет» әлеуметтік жобасының басталғаны туралы хабарлады. Жобаның негізгі мақсаты - халықтың әлсіз тобының әлеуметтік жағдайын компьютер мен Интернет арқылы жұмыс істеуге оқыту арқылы жақсарту.
Бүгінгі таңда Қазақстанда ауылдық жердегі халықтың үлесі айтарлықтай жоғары (45% дейін), олар қалаға белсене қоныс аударуда. Ауылдық мектептердің әсіресе шағын мектептердің әлсіз техникалық және кадрлық жабдықталуына байланысты, осы адамдардың көпшілігі интернет пен сапалы білімге қол жеткізе алмады. Қалада олардың білім алу және интернет-қызметтерге қосылу мүмкіндігі де төмен. Осылай, ауылдық жерлер мен шағын қалалардың тұрғындары қаладағы сапалы жұмыстарға қол жеткізе алмайды, себебі негізгі көрсеткіштер бойынша олардың бәсекелестік қабілеті (компьютерді меңгеруі, шет тілдерін игеруі) төмен.
«Сізге арналған Интернет» жобасы өз қатысушыларын күнделікті өмірде, жұмыста, өз бизнесін дамытуда заманауи технологияларды пайдаланудың қолданбалы бастапқы негіздеріне үйрету мүмкіндігін береді. Ол шыныменде жаңа мүмкіндіктер мен білім береді: жұмысқа орналасу арналары, пайдалы жеңілдікті қызметтер. Қатысушылар төлемдерді қалай үйде отырып төлеу керек екендігін, өз туғандарымен үнемі байланыста қалу жолдарын, қажетті әрі пайдалы ақпаратты қалай жылдам және оңай табуға болатынын біледі», - деп Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь атап өтті. «Beeline үшін – жетекші телекомоператор және әлеуметтік-жауапты компания ретінде – қоғамның дамуына ықпал ететін және өз отандастарына көптеген мүмкіндіктер беретін жобаның әріптесі болу өте маңызды», - деп ол өз пікірін білдірді.
«Сізге арналған Интернет» жобасы бес кезеңмен жүзеге асады:
• STUDY TOUR – тәлімгерлер тобын қоғамның барлық тобына интернет технологияны енгізудің немістік сәтті тәжірибесіне үйрету.
• АДАПТАЦИЯ еуропалық әдістемені бейімдеу, еріктілерді – жобаның болашақ жаттықтырушыларын оқыту, қатысушыларға арналған әдістемелік оқу құралдары мен брошюраларды қазақ және орыс тілдерінде жаса.
• СЫНАҚТЫҚ ТОПТАРДЫ ІРІКТЕУ ЖӘНЕ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ
• КУРСТАРДЫ ӨТКІЗУ Алматыда және еліміздің басқа қалаларында.
• НӘТИЖЕСІН ШЫҒАРУ және жобаны ары қарай дамыту, оқыту орталықтарын сертификаттау.
Қазіргі уақытта Beeline Қазақстан компаниясының қолдауымен жобаның бірінші кезеңі сәтті жүзеге асырылды. 2015 жылы бастаманың тағы бір әріптесі Chevron компаниясы болады.
«Елдің экономикалық өсуі интернеттің ену деңгейіне тікелей байланысты екенін дәлелдейтін көптеген зерттеулер бар. Давостағы соңғы Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметтері бойынша Қазақстан бүгінгі күні білім сапасы бойынша әлемдегі 84-орынды иеленеді, өмір ұзақтығы мен медицина сапасы бойынша 95-орын, өз зияткерлік капиталын ұстау бойынша 70-орын және экономиканың зияткерлігі бойынша 85-орын. Интернетке қосылу деңгейін дамыған елдердегі біз бақылап отырған деңгейге дейін кеңейту, жобамыздың пайдалы ғана емес өте қажетті екенін де көрсетеді», - деп «Сізге арналған Интернет» жобасының бас ұйымдастырушысы болып табылатын «Vласть» Баспа үйінің Бас редакциондық директоры Адиль Джалилов өз пікірін білдірді.