ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК АУДАНДЫҚ СОТЫ АНЫҚТАЛДЫ
Қызылорда облыстық сотында аудандық және оған теңестірілген соттар кеңселерінің арасында өткізілген «Жылдың үздік аудандық соты» конкурсы өз мәресіне жетті.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылдың үздік аудандық соты іс жүргізумен аяқталған істердің саны, профилактикалық, мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі, соттың имиджін және судьялар мен сот кеңселері қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру белгілері бойынша анықталды.
Байқау қорытындысы бойынша аудандық және оған теңестірілген соттар кеңселерінің ішінен жарып шыққан Шиелі аудандық соты 1 орын иеленді. 2 орынға Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты лайық деп табылды. Арал аудандық соты 3 орын иеленді. Енді Шиелі аудандық соты республикалық деңгейде өтетін байқауға қатысатын болады.
Шынар БЕКБАН