100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ: ЭНТОНИ КЕННИ “АНТИКА ФИЛОСОФИЯСЫ”
Ежелгі Жерорта теңізі маңындағы философияның тууы және өркендеуі, ойлау мен пайымдаудың өрісі жөніндегі бұл тамаша тарихи баян Батыстағы ой мен қоғам дамуының бағыт-бағдарына арналған.
Сэр Энтони Кеннидің бұл кітабындағы әңгіме өзегі Пифагор мен Фалестен басталып, философия алауын христиан ғасырына табыстаған қасиетті Аугустинмен аяқталады. Бұл – Батыс өркениетінің түп-тамырын түсінгісі келетін орта үшін философия тарихына арналған төрт бөліктен тұратын топтаманың бірінші томы.