«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ОРТАЛЫҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАДЫ
«Рухани жаңғыру» орталығы туған жерді дамытуға үлес қосқан жанашыр азаматтар, қайырымдылықпен айналысатын ұжым, әлеуметтік бастамалармен белсенділік танытып жүрген еріктілерді насихаттау, жас ұрпақты елжандылыққа, жанашырлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу мақсатында фейсбук әлеуметтік желісінде «Жаныңда жүр жақсы адам» эссе, фото, бейнероликтер байқауын өткізеді.
1. Байқаудың міндеттері:
• Білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық саласына демеушілік көрсеткен меценаттарды дәріптеу;
• Қызылорда облысының əлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық-саяси өмірі мен жетістіктер жолында қайырымдылық жасаумен айналысатын жеке тұлғаларды таныту;
3. Жастардың болашағы үшін демеушілік жасап, интеллектуалды ұлт қалыптастыруға белсенділік танытқан жанашыр азаматтарды насихаттау;
4. Әлеуметтік бастамалар көтеріп, азаматтық белсенділігімен танылған еріктілердің еңбегін үлгі ету;
5. Жеңімпаздарды айқындау жəне сыйлықтарды тағайындауды Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асыру;
6. Байқау комиссиясына белгілі журналистерді, мемлекет және қоғам қайраткерлерін, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін қатыстыру.
2. Байқау комиссиясы қатысушылардың материалдарын іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:
• материалдардың шынайылығы;
• шығармашылық шеберлігі;
• кейіпкердің образын нақты мысалдар арқылы ашып көрсету;
• фотобайқауға қатысушы А-4 (297х210) форматтағы 5-тен кем емес түрлі-түсті суреттерін жолдау;
• бейнеролик байқауына қатысушы 3-5 минуттан аспайтын сапалы материал дайындау;
3. Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады:
• белгіленген тақырыпқа сəйкестік;
• жаңашылдық;
• нақтылық пен логикалық негізделуі;
• мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы;
• авторлық тұжырымдаманың дербестігі;
• жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы;
• шығармашылық этикалық принциптерге сəйкестігі;
4. Байқауға қатысу шарттары
Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:
• Әлеуметтік желіде «Рухани жаңғыру» орталығы парақшасын белгілей отырып, орталығы парақшасын белгілей отырып, #Руханижаңғыру#Жаныңдажүржақсыадам хэштегімен жариялануы тиіс;
• Материалдар мемлекеттік жəне орыс тілдерінде қабылданады. Байқау 2018 жылдың 20 шілде – 20 қазан аралығында жүргізіледі;
• Байқауға қатысушы ruh.ortaliqkz@mail.ru электронды поштасына өзі жайлы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, 3х4 см. суретін жіберуі тиіс;
• Байқауға қатысушы 3-тен аспайтын материалдар ұсына алады;
• Материалдар байқау хабарландыруында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмеуі керек;
• Байқау тақырыбына сəйкес емес жəне талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді;
• Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.
5. Жеңімпаздар үш номинация бойынша марапатталады:
1. «Үздік эссе» (1-орын – 1; 2-орын – 1; 3-орын -1);
2. «Үздік бейнеролик» (1-орын – 1; 2-орын – 1; 3-орын -1);
3. «Үздік фотоматериал» (1-орын – 1; 2-орын – 1; 3-орын -1);
Жеңімпаздарға облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының дипломы мен бағалы сыйлықтар, байқаудың қорытынды жинағы беріледі.
6. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:
• барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
• байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;
• байқаудың нəтижелері туралы мəліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу;
7. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты:
Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы. «Атамекен және ақпарат толқыны» бөлімі. Сұлтан Бейбарыс көшесі, 4.
Жауапты үйлестіруші - Қуанышбекова Меруерт.
Байланыс телефоны: 87477952598; 87242303855. Электронды пошта: ruh.ortaliqkz@mail.ru