ЕУРОПАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ МЕН ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ НЕСИЕЛІК КЕЛІСІМДЕРГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ
18 желтоқсан күні Лондонда Қызылорда облысының әкімдігі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Қызылорда қаласының инфрақұрылымын дамыту бойынша несиелік келісімдерге қол қойды.
Келісімдер Қызылорда қаласының электр, жылу және су желілерін қайта жаңғырту жобаларын жүзеге асыруды көздейді. Бұған қоса, облыс орталығындағы көшелерді жарықтандыру жүйесін қайта жаңғыртуға байланысты алдын-ала келісімге қол қойылды.
Басқосуда ЕҚДБ президенті, сэр Сума Чакрабарти «Біз Қызылорда облысының банк органдарымен серіктестік қарым-қатынас орнатқанымызға қуаныштымыз. Қазақстан Республикасының Үкіметімен жасалған келісім аясында Қызылорда қаласының өмір сүру сапасын жақсартамыз. Біз биыл маусым айында өңірге барғанда осы жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылағанбыз. Енді жобаларды нақты жүзеге асыру мақсатында қол қойып отырмыз» - деп айтты.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ЕҚДБ Президентіне алғысын білдірді.
- Елбасы шетелдік қаржы институттарымен жұмыс жасауды тапсырған болатын. Осыған сәйкес, біз бүгін жобаларымызды жүзеге асыруға қол қойып отырмыз. Бұл Қызылорда облысының экономикалық-әлеуметтік ахуалын көтеретініне сенемін, - деді Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев.
Сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі Қызылорда облысында қайта жаңғырту жүйесін 2,6 млрд. теңгеге дейін гранттық жобасын қаржыландыруды қолдады. Бұл Банк пен Үкімет арасындағы ағымдағы жылдың мамыр айында қол қойылған келісім аясында жүзеге асырылады.
Айта кетейік, Еуропалық қайта құру және даму банкімен Қызылорда тығыз байланыста жұмыс жасап жатыр. Бүгінде 60 миллиард теңгеден астам қаржыны құрайтын 8 жобаны бірлесе жүзеге асыруда.