«КӘСІПКЕРЛІК: ТЕОРИЯ, ПРОЦЕСС, ПРАКТИКА» КІТАБЫНЫҢ ҚОҒАМҒА ПАЙДАСЫ
Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағыты бойынша қоғамның түрлі салаларына пайда әкелетін 100 кітапты шетел тілдерінен, яғни, түпнұсқадан қазақ тіліне тікелей аудару міндеттелген еді. Қазір міндеттелген 100 оқулықтың 18-і аударылып қолданысқа енсе, тағы 30 оқулық аударылу үстінде.
Біз бұл мақаламызда кәсіпкерліктің қыр-сырымен, қалтарыс жатқан құпияларымен толық бөлісетін Дональд Куратконың «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика» атты оқулығын сарапқа салмақпыз. Кітаптың өне бойы тұнған ұсыныстар мен кәсіпті жүргізудің концепциялары.
Еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту қарқынды жүріп жатқан шақта бұл кітаптың қазақ тіліне тәржімалануы – бизнес саласына қосылған үлкен үлес, құйылған мол инвестиция. Кітаптың бизнес және оның жоғары мектебі деп аталатын жоғары оқ орындарындағы кафедраларда оқытыла бастаған. Демек, алдағы бес жылдықта кәсіпкерлікпен қалай болса солай емес, кәсіби түрде, білім алған маман ретінде айналысатын жастардың қатары артпақ. Бұл – ел экономикасының қарыштап дамуына қосылған зор үлес болар еді.
Дональд Куратконың «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика» атты еңбегін қазақ тіліне халықаралық менеджмент магистрі М.Сейітжаппарұлы, менеджмент магистрі Б.Сабденалиев, Ноттингем университетінің магистрі Н.Ынтайбекова және Г.Түсіпова, М.Қыстаубаева есімді мамандар аударған.
Ал автор кәсіпкерлік білім беру саласының үздігі болып саналады. Оның қаламынан бүгінге дейін дәл осы тақырып бойынша 30 кітап және 190-нан астам ғылыми мақалалар туған. Әлем назарын бүгінде өзіне аударып отырған өміршең тақырыпта ағылшын тілінде материалдар жазған оқу ісінің үздігі бүгінде аталған саладағы ең үздік ұстаздар қатарына енеді. Оның жазған еңбектерін әлемдік рейтингте көш басында тұрған жоғары оқу орындары өздерінің білім беру үдерістеріне енгізіп, сол бойынша жыл сайын мыңдаған шәкірт тәрбиелеп шығуда. Ал осы кітаптағы құнды дүниелерді терең игерген студенттер дипломдары қолдарына тиісімен өздері білім алған салада үздіктер қатарынан атану мақсатында еңбек етуде.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағыты аясында аударылған еңбекке жауапты редактор болып, филология магистрі Н.Қожабек бекітілсе, ғылыми редакторы есебінде экономика ғылымдарының кандидаты Г.Күреңкеева, әдеби редактор ретінде Г.Бектасова бекітілген.
Оқулықта әлемдік тәжірибеде дәлелденіп қойған «Mind Tap» әдісі туралы толыққанды мағлұмат беріліп, оның қолданылу жолдарын түсіндіреді. Сондай-ақ, әлемдік бизнес аренасында танымал болған әдіс бойынша арнайы жағдаяттық тапсырмалар жазып, оқырманды сол тапсырманы мұқият орындауға итермелейді. Дональд Куратконың шығармасының өне бойы дәл осындай оқырманға арналған жағдаяттық тапсырма немесе өз алдына жеке бизнес-жоспар жасау жолдары сатылап көрсетілген. Яғни, оқуға да, түсінуге де оңай әрі жас үміткерлерді жігерлендіріп, кәсіпке деген көзқарастарын арттыра түспек.
Сондай-ақ, кітапта заманауи үлгіде қолданыста жүрген «Lean start up» және «Business Canvas» атты жобаны модельдеу жолдары жеңіл тілмен түсіндіріліп, кәсіпті осындай арнайы модкльдер арқылы жүргізуге кеңес беріледі. Сонымен қатар, кітаптағы қызықты әрі өте пайдалы тапсырмалар студенттер түгілі қарапайым халықтың да қызығушылығын тудыратыны анық. Өйткені, жағдаяттық тапсырмалардың барлығы жеке адамның кәсіби мамандығы бойынша білімін дамытуы үшін құрастырылған. Бұл жағдаяттарды шеше отырып, жас буын өкілдері өздерінің кәсіпкерлік саласын теориялық тұрғыдан қаншалықты білім жинағанын және алған білімін қаншалықты жүзеге асыра алатындығына баға бере алады. Бұл кәсіпкерлік қабілет дәрежесінің артып, студенттер бойында, жастар арасында кәсіптің болашағын болжай алатын, бастаған талабының оң болуы үшін қандай қажеттіліктерге бааса мән беру керектігі туралы ойлануға мүмкіндік береді.
«Табысты кәсіпкер болу үшін тек идеяң болуы жеткіліксіз, адамның өзінде авантюризм және алғырлық болуы қажет» дейтін пікірді ұстанатын Дональд Куратконың кітабы да осындай ерекше ойлар мен кәсіп барысында кездесетін қиындықтардан шығу жолдарының концепцияларына толы. 2017 жылдан бастап қарқынды жұмыс істеп келе жатқан Ұлттық аударма бюросының да бұл кітапты таңдаудағы басты себебі осы болар, бәлкім.
Сонымен қатар, автор өз еңбегінде цифрлы дәуірдегі қоғамдық және әлеуметтік дамудың қозғаушы күші болып саналатын кәсіпкерлік деп аталатын алапат құбылысты теориялық және тәжірибелік тұрғыдан терең зерделеп, барынша оқырманына пайда әкелуге тырысады. Ол бұл мақсаты туралы бірқатар сұхбаттарында және еңбектің кіріспесінде де айтып өтуді ұмыт қалдырмаған. Оқырманына кәсіпкер деген тұлғаның бойынан табылуы тиіс қағидалар мен дағдыларды игеруге көмек беруді мүдде тұтқан кітаптың өне бойында бизнес идеяны нарыққа шығаруғ қажет ойлау жүйесі мен инновацияның рөлін тереңнен толғап, талдап, көрсеткен.
Кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрететін, әрі нарықтағы бағасы қалтаға топмақ келетін курстарға бармай-ақ, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағыты аясында орасан зор еңбекпен аударылған осы кітапты толық игерсеңіз, кәсібіңізді қабілет-дарыныңызға қарай көлемін ұлғайтып, дөңгелетіп кетуге әбден болады. Бұл кітапта басқаларға ұқсамайтын тағы да бір ерекшелік бар. Ол – оқулықтың қазақ тіліндегі МВА курсының негізгі оқулығы ретінде ұсынылуы.
Кітаптың сұранысқа ие екендігі соншалық әрбір бір-екі жыл сайын мыңдаған данамен басылып, баспадан шыққан бетте сатылып кетіп отырған. Алғаш рет баспадан 1994 жылы шыққан кітаптың соңғы шығарылымы 2016 жылы шыққан. Оқулық 465 беттен тұрады. Шет елдерде қомақты қаражатқа сатылатын кітап Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағыты бойынша отандастарымызға су тегін аударылып ұсынылуда.
Елімізде шағын және орта бизнесті дамыту басты міндеттердің бірі екендігі өздеріңізге мәлім. Осы бағыттарды дамыту барысында жеке кәсіппен айналысатын азаматтар үшін белгілі бір ақпарат көзі немесе біліктілігін дамытатын құрал қажет екендігі айтпаса да түсінікті.
Шағын бизнес деп отырғанымыз – мемлекетке ешқандай тұрғыдан бағынышты емес және өзін-өзі барлық бағыттан қамтамасыз ететін кәсіп. Оның аясына ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығ немесе қандай да бір өнім өндіретін орталықтарды жатқызуға болады.
Заман көші алға жылжыды. Кешегі күнгі шотпен санап, қағазға түрте салатын дәуір жойылып, барлығын дербес компьютердің жадында сақтайтын, күніміз сол экранға тәуелді болатын заман туған. Демек, бұл ретте кәсіп жасаудың да заман талабына сай форматы өзгереді, болмысы ерекшеленеді. Ерекше болары сөзсіз.
Қазіргі күннің өзінде жеке бір өнім өндіретін шағын немесе орта бизнесі бар кәсіпкерлердің барлығы дерлік шығаратын өніміне байланысты шетелдік аппараттарға, жетілген һәм озық үлгідегі технологиялардың жемісін қолдануға мәжбүр. Ал заманауи технологиялық жүйелерді оңды қолдана білу үшін белглі бір дәрежеде арнайы білім немесе курстық оқу қажет.
Әсіресе Қазақстан Республикасының қоғамында негізгі қозғаушы кәсіптердің бірі болып саналатын – құс өнімдерін немесе жұмырптқа өнімдерін даярлайтын комапаниялар үшін. Бұл – мысал. Мысалға деп шұбырта берсек, қандай да бір кәсіп бастағанда арнайы білімнің қажет болатынынына көз жеткіземіз.
Біз арнайы тақырып етіп алып отырған «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика» кітабының автор Дональд Куратко жоғарыда атөқан бағыттардың барлығына бірдей ортақ дерлік нұсқаулар жасап отырған. Демек, бұл кітапты алдыңғы жолдарда да айтқандай, кәсіппен айналысушылардың біліктілігін арттыру курстарына баласақ болады. Ия, рас. Мақсат бір, мүдде ортақ. Осы кітаптан кейін жасалған оң шешімдердің арқасында прагматистік көзқараста жүрген бір азамат елде жоұ бағытта кәсіп ашып, оны дөңгелетіп жүргізіп алып кетсе, мінеки, бұл – Ұлттық аударма бюросының, кітапты аударған аудармашылардың еңбегінің шынымен жанғаны.
Оның үстіне бүгінгі күні Қазақстанда шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан үлкен қолдау крсетіліп келе жатқанын қосыңыз. Ұзақ мерзімдегі несиелер, кәсіпп бастау үшін несие түріндегі қомақты қаражаттар қарастырылған. Осындай зор мүмкіндіктер туып тұрғанда, азаматтарға тек сапалы бизнес-жоспар жасап, идеясын әрі қарай дамытып, жеке кәсібін бастап кетуге ешқандай кедергі жоқ. Ал жақсы бизнес-жоспар жасауда, қоғамда өтіпді өнім өндіру үшін, халықтың шын мұқтаж нәрсесін бере алу үшін кәсіпкерлік төңірегіндегі сапалы білім керек. Ойша жоспарлап, қыруар қаражатты қалтаға салып, оған үй, көлік секілді жеке қажеттіліктеріңіздің өтеймін десеңіз, оңбай қателескеніңіз.
Дәл осы кезде Дональд Куратконың «Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика» секілді курс есебін түгелдейтін оқулықтары зор көмек.
Яғни, Ұлттық аударма бюросының алғашқы болып аударылатын кітаптардың жоспарына дәл осы оқулықты енгізуінде де үлкен мән бар. Бүгінде кітаптың электронды версиясы барлық азаматтар үшін қолжетімді. Өз мүмкіндігіңді мүлт жіберме! Бұл - Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жасап отырған орасан зор игі бастамаларының бірегейі.