21 ЕЛДІ МЕКЕН «БЕЙНЕУ-БОЗОЙ-ШЫМКЕНТ» ГАЗ ҚҰБЫРЫНА ҚОСЫЛАДЫ
Қызылорда облысында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының құрылысы аяқталуға жақын. Енді оған 21 елді мекенді қосу міндеті тұр.
Бүгін Қызылордада облыстық мәслихаттың ХХІХ сессиясы өтті. Өңірдің 2014 жылдың алғашқы жартысындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін қорытындылаған аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев: «Осылайша тұрғындардың 70%-ын газбен қамтамасыз ететін боламыз. 2013 жылы барлық қажетті құжаттар әзірленді. Қазіргі кезде өңірлік даму министрлігімен құрылысты қаржыландырудың мәселелері қарастырылуда. Елді мекендерді газдандырудың мәселелерін қарқынды шешу үшін «ҚазТрансГазАймақ» компаниясымен 4 ауданның орталықтарын – Арал қаласын, Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған кенттерін, сонымен қатар Байқоңыр қаласын газдандыру жөнінде келісімге қол жеткіздік», - деді.
Аталған елді мекендердің өзінде облыс халқының 23 пайызы немесе 70 мыңға жуық адам тұрады. Газдандыру жұмыстары көп ұзамай басталады. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» желісінен 5 газ құбыры тармағы және кентішілік газ бөлу желісі, АГРС (газ тарату стансасы) салынатын болады.
Аймақ инфрақұрылымын дамытуға «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы барлығы 23 млрд. теңге тікелей инвестиция салады.

Комментарии 1