«БАЛАПАН» ТЕЛЕАРНАСЫНДА «ЭКСПО БАЛА» МУЛЬТСЕРИАЛЫ БАСТАЛДЫ
16 желтоқсанда «Балапан» телеарнасында ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған «ЭКСПО Бала» мультсериалының тұсаукесері өтті.
Мультфильм Астанада өткізілетін Халықаралық көрме туралы қызықты түрде әңгімелейді. Оның бас кейіпкерлері – бірінші сынып оқушылары Арман, Әлия мен Жомарт ЭКСПО-қаланың павильондарына саяхаттап, түрлі мәдениеттердің өкілдерімен таныса отырып, таңғажайып оқиғаларды бастан кешіреді. Мультсериалдың кейіпкерлері көрме кешені, оның инфрақұрылымы мен оны салу кезінде қолданылған жаңа технологиялар туралы әңгімелеп береді. Саяхат барысында кейіпкерлер қиын сынақтардан өтеді, бұл балаларға табиғатқа ұқыппен қараудың қаншалықты маңызды екенін түсінуге көмектеседі.
- Мультсериал 5-12 жас аралығындағы балаларға арналған. Бұл ЭКСПО-2017 көрмесімен балаларды таныстыратын, 2017 жылға саяхат жасаудың мүмкіндігі іспеттес. Мультфильм бас кейіпкерлерінің көмегімен біз балғындарды қызықтырып, көңілін аулауға тырысатын боламыз, - деп атап өтті «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ маркетинг және ілгерілету департаментінің директоры Әсел Қожақова.
Мультфимді жасаумен Kazakhstan Computer Graphics қазақстандық студиясы айналысты, бұл компанияның балаларға арналған анимациялық сериалдарды жасау бойынша тәжірибесі бар, сондай-ақ, «Көшбасшының жолы» кинотрилогиясындағы визуалдық эффектілерді де осы компания жасаған.
- Біз үшін бұл ЭКСПО әлемін жасау, көрме павильондарының интерьері мен экстерьерін дайындау бойынша алдымызға қойылған нағыз үлкен тапсырмаға айналды. Өз жұмысымызда біз «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бізге ұсынған көрме концептіне сүйендік, алайда қиялға да орын қалдырдық. Біздің алдымызға қойылған басты міндеттердің бірі мультфильмді танымдық ету болды. Сондықтан көрме стендтерінің үлгісін, ЭКСПО тынысы мен ортасын жеткізу үшін, ең бастысы, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау және «жасыл» энергетиканы пайдалануға арналған көрме идеясын жас көрермендерге жеткізу үшін біз көп уақытымызды заманауи технологиялар мен өнертабыстарды зерттеу үстінде өткіздік, - деді мультфильмнің қоюшы суретшісі Тимур Дайырбаев.
Мультсериал Motion Capture (Mocap) технологиясын қолдана отырып, 3D-анимация форматында жасалған. Motion Capture – бұл шынайы актердің қимылын жазып, оны кейіпкердің бойына көшіруге мүмкіндік беретін қимылды тіркейтін және сандық үлгіге түсіретін жүйе. Осындай технологияның көмегімен көптеген голливудтық блокбастерлер жасап шығарылады. «ЭКСПО Бала» мультсериалында актердің бетіндегі мимикасын жеткізуге мүмкіндік беретін бетке арналған Mocap жүйесі де қолданылған. Мультфильм кейіпкерлерге жан кіргізіп, оларға өз қимылы мен дауысын берген балалардың қатысуымен жасалды.
Әр серияның ұзақтығы 7 минутты құрайды, бұл 3 жастан асқан балаларға арналған анимациялық сериалдарға қойылған халықаралық стандарт болып табылады. Балаларға арналған көптеген танымал жобалар осындай форматта шығарылады.
«ЭКСПО Бала» мультсериалын жасаушылар ол тек танымдық қана емес, сонымен бірге, тәрбиелік мәнге ие болады деп және де қазақстандық телекөрермендердің сүйікті мультфильмдер рейтингісінде өз орнын табады деп үміттенеді.