ГАЛСТУКСІЗ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасына мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлерінің қатысуымен галстуксіз бейресми кездесу өткізілді.
«Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы мемлекеттік органдарды, сондай-ақ құқық қорғау, сот органдары мен олардың қарамағындағы ұйымдарды және квазимемлекеттік секторды жаңғыртуға бағытталған.
Кездесу мемлекеттік қызметшілер арасында еркін сұхбат алаңы ретінде бейресми форматта өтті.
Сұхбат барысында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің ой-санасы мен ойлау өрісін өзгерту, жаңашыл оң өзгерістерді қолдану мәселелері талқыға салынды.
Департаменттің бас маманы Анар Сәлімжан «Елбасының бағдарламасын тиімді жүзеге асыру үшін, мемлекеттік қызметшілердің ой-санасы кең ауқымда транформациялануы қажет екендігін» баса айтты.
Кездесуге қатысушылар оң өзгерістерді қалыптастыру бойынша ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көкейіндегі сауалдарын ортаға салды.