«ҚЫЗЫЛОРДА-МӘСКЕУ» ӘУЕ БАҒЫТЫ АШЫЛАДЫ
16 шілдеден бастап аптасына 4 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі күндері) «Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу» жаңа әуе бағыты өз жұмысын бастайды. Әуе тасымалы «Аэрофлот» компаниясының А-320/321 «Эйрбас», «Boeing-737» ұшағы арқылы жүргізіледі.
Сонымен қатар, «Байқоңыр-Қызылорда (әуежай)» трансфері дайындалады.
«Биылғы жылдың мамыр айында «Қорқыт ата» әуежайының қызметкерлері «Авиациялық аэрофлот мектебінің» мамандарынан арнайы оқудан өтіп, А320/321 әуе кемесінің техникалық қызмет көрсету даярлығын тексеруден өткізді.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Байқоңыр қаласының әкімшілігімен әуе бағытының жұмысын жандандыру мақсатында әуежайға баратын автобустар мәселесі туралы жұмыстарды атқарды. «Аэрофлот» компаниясы арқылы ұшу басқа әуе компанияларымен салыстырғанда біршама арзан», - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов.
Айта кетейік, бүгінгі күні алғашқы рейске билеттің көп бөлігі сатылған.
Кесте бойынша ұшақтың келу уақыты – 06:10, ұшу уақыты жергілікті уақытпен – 07:20. Сатып алған уақытына қарай бизнес-класс билеттерінің бағасы – 167 000-нан басталса, эконом-класс билеттері 26000-нан басталады.