САЛАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен «Роскосмос» корпорациясының директоры Дмитрий Рогозиннің кездесуінде ғарыш саласын дамыту және Байқоңыр қаласын бірлесіп пайдалану мәселесі талқыланды.
Кездесуде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Байқоңыр» кешеніндегі Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығына қатысты бірнеше ұсыныс енгізді.
Осы күні «Қамбаш» туристік аймағы мен «Байқоңыр» ғарыш айлағында облыста туризмді дамытуға бағытталған жобалар таныстырылымы өтті. Сырда ғарыштық туризмді дамыту мақсатында «Байқоңыр» ойын-сауық, туристік аймағын қалыптастырудың тұжырымдамасы дайындалған болатын. Бұл өз кезегінде өңір туризмін өрістетуге үлес қоспақ.