МҰНАЙДЫҢ ӘЛЕМДІК БАҒАСЫ ӨСІП, 80 ДОЛЛАРҒА ЖУЫҚТАДЫ
Дүйсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша, Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында мұнай бағасы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда қорытындысы бойынша, қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны Лондонның ICE Futures биржасында 0,96 долларға өсіп, баррелі 78,07 долларды құрады.
4 шілдеде жыл сайын осы күні аталып өтілетін АҚШ-тың ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күнін тойлауға байланысты Нью-Йорктің тауар биржасында (NYMEX) сауда жүргізілмеді.
WTI маркілі мұнай фьючерстерінің құны тамыз айындағы жеткізілім бойынша, Нью-Йорктің тауар биржасында (NYMEX) 0,05 долларға өсіп, барреліне 73,85 долларды құрады.