АСТАНА МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ САП
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жеке құрамы Елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойы құрметіне салтанатты сап түзеді.
Департамент басшысы Серік Мұстафаев жеке құрамды құттықтап, Экономикалық тергеу қызметінің еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ролін атап өтті. Бірқатар қызметкерлерге жетістіктері үшін Құрмет грамотасын тапсырды.
Салтанатты шараның қонағы болып ардагерлер келді, салық, кеден және қаржы полициясы ардагерлері Тоқтасын Көбенова, Төлепберген Сералиев және Жаңабай Бекішов құттықтау сөз сөйледі.
Орталық алаңда, мұнан соң, қызметкерлердің орындауындағы патриоттық әндер шырқалды.