ЕҢ КӨП ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ТІРКЕЛГЕН
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында жүргізілген сыртқы бақылау және мониторингтеу жұмыстары қорытындысымен облыстың ауылшаруашылығы саласында әкімшілік құқық бұзушылықтың жоғары екендігі анықталды.
- Маусым айының өзінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 4 лауазымды тұлғаға қатысты 6 әкімшілік хаттама толтырылып отыр, - дейді департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғалым Ілкібаев.
Атап айтсақ, Қармақшы ауданындағы аумақтық инспекциямен жасалған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша инспекция басшысының міндетін атқарушыға 33670 теңгеге хаттама толтырылса, Жалағаш ауданының 3 ветеринар дәрігеріне 151515 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жалпы, Департаментпен 185185 теңге мемлекет қаржысына өндірілетін болады.