АЙДАР МАХМЕТОВ ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ БОЛДЫ
Қазақстандық спортшы Айдар Махметов АСВ нұсқасы бойынша джиу-джитсудан 2018 жылғы әлем чемпионы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Мәскеуде АСВ нұсқасы бойынша джиу-джитсудан 2018 жылғы әлем чемпионы болдым!!! Көптен күткен алтынға қол жеткіздім!», - деп жазды А.Махметов Фейсбуктегі жеке парақшасында.
Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақ санатында қызылкүрең белдіктер арасындағы шеберлер дивизионында (36-40 жас) өнер көрсетті.
«Үш айқас - үш жеңіс: ресейлік, армян және финалда ирандық. Сондай-ақ өзге санатта өнер көрсететін жолдасым Мұрат Бермұхамбетов қола жүлдегер болды. Мен ризамын. Аллаға мың да бір шүкір!»- деп жазды ол.