ИНВЕСТОРЛАРДЫ СҮЙЕМЕЛДЕЙТІН ФРОНТ - ОФИС АШЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Қызылорда облысында инвесторлардың құқығын қорғауға бағытталған «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобасы іске асырылуда.
Осы мақсатта «Бастау» бизнес орталығында инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдейтін және қолдау көрсететін фронт офис ашылып өз жұмысын бастады.
Қазіргі уақытта аталған фронт офис облыс әкімдігі, «KAZAKH INVEST» АҚ-ның Қызылорда филиалы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасымен тығыз байланыста жұмыс жасауда.
Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның облыстық департаменті басшыларының осы жоба аясында шетелдік инвесторлармен жеке кездесуі өтіп, онда аймақтағы 7 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы мен жоба алдында туындауы мүмкін проблемалық мәселелер талқыланды.