МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРЛІ САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
«Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен еліміздің бас қаласы - Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті.
Мерекелік кешке «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төраға орынбасары И. Құттықожаев, сала ардагерлері, мемлекеттік корпорация қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Өзінің құттықтау сөзінде филиал директоры Айдын Қайруллаев жиналған қауымды мемлекетіміздің символы, асқақ абыройымыздың айғағы болған Астанамыздың мерейлі тойымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Шара барысында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың және филиал директорының Алғыс хатымен 40-тан аса сала үздіктері марапаттылды.
Сонымен қатар, мерейтой қарсаңында аталып өткен Байланыс және ақпарат құралдары күніне орай бір топ БАҚ өкілдері Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Кеш соңы мерекелік концертке ұласты.