ТАТУЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ – БЕЙБІТ КЕЛІСІМ
Арал ауданында қоғамдағы құқық бұзушылықты, кейбір кейкілжіңмен араздықты сотқа жеткізбей өзара келісіммен шешу мақсатында Татуласу орталығы ашылды.
Оның ашылу салтанатына аудан әкімі М.Оразбаев, прокуратура, адвокатура, заң қызметкерлері, кәсіпқой емес медиаторлар мен ауданның ардагерлер алқасы және ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиында аудан басшысы М.Оразбаев жиналғандарды аудандық филиалдың ашылумен құттықтап, оның халыққа тиімділігі жайында айтып өтті. Сонымен қатар, аталған орталықтың ұйымдастырушысы ретінде кәсіпқой медиатор Бұйрабай Бердалиевті таныстырды.
Алдағы уақытта халықтың татулығы үшін жұмыс жасайтын осындай игі істер қолдауға лайық.