ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КҮРЕС ТҮРЛЕРІ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Федерация президенті өз кезегінде жарыстарды көптеп өткізу арқылы жасөспірімдерді күрес түрлеріне тарту, әсіресеауылдық жерлерде жеткіншектерді спортқа баулу туралы айтып өтті. Сонымен қатар, бапкерлер облыста күрес түрлерінің өркендеуі бойынша өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.
Сондай-ақ, жиналыс барысында федерация тарапынан Есен Қайржан арнайы Жаңақорған ауданына бір дана кілем жиынтығы сертификатын еркін күрестен облыстың аға жаттықтырушысы Әбутәліп Амановқа табыстады.
