BEELINE ҚАЗАҚСТАН АҚПАРАТТЫҚ ШАБУЫЛ МЕН АЛАЯҚТЫҚ ӘРЕКЕТ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ
Beeline Қазақстан компаниясы ғаламтор желісінде жалған ақпараттың таралуы жиілеп кеткені туралы ескертеді, жалған ақпараттың мәтіні: «Сіз 2000 теңге ұттыңыз, толығырақ 06117 нөмірінде, *850#пәрменін теріңіз», сонымен қатар SMS хабарлама жолдау арқылы да алаяқтықтың артқанын ескертеді, хабарламаның мәтіні: «Сіз iPhone 6 ұттыңыз! Өз жүлдеңізді алу үшін компанияның Ашық кеңсесіне келіңіз».
Осыған байланысты, Александр Комаров – Beeline Қазақстан компаниясының Бас коммерциялық директоры ресми түрде былай деп хабарлайды: «*850# пәрменін теру кезінде Beeline ақшалай бонус бермейді. Бұл пәрмен VIP Platinum тарифтік жоспарына ауысу пәрмені, оны терген сәтте абоненттің шотынан 2000 теңге ұсталады. Егер Сіз Beeline Қазақстан компаниясының абоненті болсаңыз және жоспарыңызда VIP Platinum тарифтік жоспарына ауысу болмаса, өз телефоныңызда *850# пәрменін термеуіңізді өтінемін».
Егер абонент, 2014 жылғы 7-9 желтоқсан аралығында қателесіп, VIP Platinum тарифтік жоспарына ауысса, 0611 нөміріне хабарласуына немесе Beeline-ның сату және қызмет көрсету кеңсесіне келуіне, я болмаса 2014 жылғы 17 желтоқсанға дейін *345# пәрменін теруіне болады. Содан кейін, VIP Platinum тарифтік жоспарына ауысқаны үшін ұсталған 2000 теңге, 2014 жылғы 7-17 желтоқсан аралығында VIP Platinum тарифтік жоспарында болғаны үшін ұсталған абоненттік төлем қайтарылып, бұрынғы тарифтік жоспар қалпына келтіріледі.
2014 жылғы 15 қарашада басталған, «Көптеген сыйлықтар!» науқанының шеңберінде Beeline қазақстан компаниясы жеңімпаздарға SMS хабарлама жолдамайды. «Көптеген сыйлықтар!» науқанында Apple iPhone 6 ұтқан жеңімпаздарға тек +7 777 773 18 38 нөмірінен қоңырау соғылады, ал жеңімпаздардың аты-жөндері осы науқанның промо-сайтының «Жеңімпаздар» бөлімінде күн сайын көрсетіледі, сайттың мекенжайы: podarok.beeline.kz.
«Көптеген»сыйлықтар!» науқанының сипаттамасы, қатысушылары, ережесі және шарттары podarok.beeline.kz сайтының «Ережелер» бөлімінде көрсетілген.
Beeline абоненттік нөмірінің тарифтік жоспарын төмендегі жоллдардың бірімен білуге болады:
• *110*05# пәрменін теріп, «Шақыру» пернесін басу
• 067405 нөміріне қоңырау соғу
• «Менің Beeline-ым» Жеке кабинетінде қарау, оған www.beeline.kz сайтында кіруге болады
Beeline Қазақстан компаниясының қызмет ететін тарифтік жоспарларын www.beeline.kz сайтының «Тарифтік жоспарлар» бөлімінен көруге болады.
Егер Сіз Beeline Қазақстан абоненті болсаңыз және қандай тарифтік жоспарға ауысатыныңызды анық шешсеңіз, өз телефоныңызда нақты тарифтік жоспардың сипаттамасында көрсетілген пәрменді теріңіз.
Тарифті «Менің Beeline-ым» Жеке кабинетінде немесе *100# қосу пәрменін теру арқылы да ауыстыруға болады.
Тарифтік жоспарды ауыстыру құны, сіз ауысқыңыз келетін тарифтік жоспарға байланысты.
Тарифтік жоспарды тегін ауыстыру үшін Beeline Қазақстан абонентіне ағымдағы айдың 25-жұлдызына дейін, Сату және қызмет көрсету кеңсесіне немесе Beeline-ның бірегей салонына келіп, өтініш жазу керек. Мұндай жағдайда тарифтік жоспар кезекті күнтізбелік айдың 1 жұлдызында ауыстырылады.