АЙНҰР – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРІ
Бүгін Астана қаласында журналистер арасындағы «Ақ халатты абзал жандар» атты республикалық конкурстың қорытындысы жарияланды.
Айта кетейік, қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы байқауды елордамыз Астананың 20 жылдығына арнады. Басты мақсат – саладағы оң өзгерістер мен медицина қызметкерлерінің еңбегін насихаттау.
Конкурсқа еліміздің түкпір-түкпірінен ақпарат құралдары, кәсіби журналистер және штаттан тыс тілшілер қатысты.
Қызылорда облыстық «Сыр бойы» газетінің аға тілшісі Айнұр Батталова жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол «Кәсіподақ ұйымы туралы үздік мақала» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ-орынды иеленді. Үздіктерге дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.