ЕЛІМІЗДЕГІ ҮЗДІК ӘКІМ АНЫҚТАЛДЫ
Жыл сайын республикалық қоғамдық-саяси «Президент және халық» газеті мен «Уақыт Таңдауы – Выбор Времени» Агенттігінің бірлескен жобасы бойынша Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жыл таңдаулыларын айқындау дәстүрге айналған, деп хабарлайды Baq.kz.
Құрамында белгілі тұлғалар, ақындар мен қайраткерлер бар әділқазылар алқасының ұйғарымымен биылғы жылы төрт аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. «Уақыт Таңдауы» байқауында «Жылдың үздік әкімі» атағына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев лайық деп танылды. Ал «Жылдың үздік өнер ұжымы» атағын Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі (директоры – Нұрғиса Дәуешов) жеңіп алды. Сондай-ақ «Жылдың үздік колледжі» атағына Бағдашжан Молдашева басқаратын Хромтау тау-кен техникалық колледжі ие болды. ҚР Мемекеттік сыйлығының лауреаты, елімізде салыстырмалы педагогика ғылымының негізін қалаушы Асқарбек Құсайынов «Жылдың үздік ғалымы» атанды.
Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, жеңімпаздардың қайсысы да еліміздің дамуына өз салалары бойынша айтулы үлес қосып келе жатқан ұжымдар мен тұлғалар.