МҰНАЙДЫҢ ӘЛЕМДІК БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕДІ
Лондон және Нью-Йорктің шикізат биржаларында дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша мұнайдың бағасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»
Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында қыркүйекте жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррелі үшін 1,93 долларға арзандап, 77,3 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің бір баррелі 0,21 долларға түсіп, 73,94 доллар болды.