«ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІ» ШАРАСЫ БАРЫСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
2014 жылдың желтоқсан айының 12-14 күндері аралығында «Тәуелсіздік күні» мемлекеттік мейрамын мерекелеу қарсаңында криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында облыс көлемінде «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп, жұмыс барысы күшейтілген жүйеге көшкені белгілі.
Аталған шараға 1200-ге жуық ІІО-ның жеке құрамы жұмылдырылып, іс-шараның 3 күнінде барлығы 1733 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жол-көлік оқиғасына тікелей септігін тигізетін өрескел жол қозғалыс ережесін бұзу фактілерінің бірі – автокөлікті мас күйінде басқарған 23 жүргізуші анықталса, қауіпсіздік белдігін тақпай автокөлік басқарған 407 жүргізушіге, ұялы телефонмен сөйлесіп көлік басқарған 313 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.
Қабылдау-тарату орнына 6 азамат орналастырылса, уақытша бейімдеу және интоксикация орталығына 24 азамат жеткізілді.
Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін ТМД елдерінің 63 азаматына, ал алыс шетелден келген 1 азаматқа шара көрілді.
Тәулік ішінде 45 қылмыстың беті ашылды. Айтарлық, Шиелі ауданы, Ботабай ауылы тұрғыны 1972 жылы туылған азаматты тексеру барысында ішкі істер органдарында тіркеуде жоқ, 3 дана аңшы қаруы (1 – иір ойықты, 2 – тегіс ұңғылы), 2 дана құтыда «Сокол» атты жазуы бар оқ-дәріге ұқсас зат және 30 дана оқтар айғақ зат ретінде алынды. Алынған айғақ заттарға сот-сараптамасы тағайындалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, желтоқсан айының 14-нде қала орталығында орналасқан сауда үйінің алдында жолда кетіп бара жатқан азаматтың бас киімін ұрлап кету дерегі орын алған. Тәртіп сақшыларының қырағылығының нәтижесінде дер кезінде 1978 жылы туылған қала тұрғыны құрықталды. Осы орын алған дерекке қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі