БАҚ ӨКІЛДЕРІ ШИЕЛІ АУДАНЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРЫНДА БОЛДЫ
«Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырды.
Бүгінгі таңда, Шиелі ауданында 80 мыңнан аса тұрғын тұрады, оның 40 мыңнан астамы экономикалық белсенді халық болып табылады. Айта кетер болсақ, шағын және орта бизнес дамуы бойынша облыс аудандары арасында Шиелі ауданы алдыңғы қатарда келеді. Өңір кәсіпкерлері өз істерін алға жылжытып, мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламаларға, соның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына белсенді қатысуда. Пресс-тур аясында БАҚ өкілдері мемлекеттік қолдау аясында өз бизнестерін өркендетіп отырған, «Шиелі Такси» ( ЖК Есенова Тұрсынай), «Сыр Суы и К» ЖШС, «Қуаныш» спорттық ойын-сауықтыру орталығы (ЖК Смағұлова Сұлушаш), «Мейір» қонақ үй кешені және газобетон және пеноблок өндіріс цехы (ЖК Баймағамбетова Тұрдықалды) секілді кәсіпорындар жұмысымен танысты.
Алғашқы болып, журналистер ауыз су өндірісімен айналысатын «Сыр Суы и К» ЖШС-нің қызметімен танысты. Бұл компанияның іргесін 2003 жылы ағайынды Серік және Берік Қыдыралиевтер қалаған.
Бизнесін дамыту үшін кәсіпорын «Өңдеу өндірісіндегі шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қолдау» бағдарламасы шеңберінде 12 млн. теңге көлемінде 6 %-бен «ҚазақстанХалықБанкі» АҚ-нан несие рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды. Мемлекет қолдауы нәтижесінде «Сыр Суы и К» ЖШС-і өз қондырғыларын модернизациялауға қол жеткізді. Бүгінде Компания басшылары ағайынды Қыдыралиевтер қайырымдылық акцияларына, республикалық және облыстық форумдарға, халықтық таурларды тұтыну жәрмеңкелеріне үнемі қатысып отыруды үрдіске айналдырған.
Одан әрі пресс-тур БАҚ өкілдері Шиелілік кәсіпкер әйелінің ұйымдастырған бизнес нысандарында болып қайтты. Кент орталығында бой көтерген жеке кәсіпкер Тұрдықалды Баймағамбетованың «Мейір» қонақ үй кешенінің жұмысымен танысты. Тұрдықалды 2012 жылдан бастап «БЖК2020» бағдарламасының қатысушысы, ол «ҚазақстанХалықБанк» АҚ-нан 28 млн.теңге көлемінде қонақ үй ашу мақсатында несие рәсімдеген. Несие банктен 14 %-бен беріліп, оның 7 %-ын мемлекет субсидиялап отыр. Биылғы жылдан бастап кәсіпкер әйел жаңа бағытта бизнес бастап, құрылыс материалдарын өндіруді қолға алды. Және бұл жобаны да ол мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырып отыр. «Өңдеу өндірісіндегі шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қолдау» бағдарламасы аясында Халық банкінен 6 %-бен 5 жыл мерзімге 17 млн.теңге несие рәсімдеп, алғашқы болып ауданда газобетон және пеноблок шығара бастады. Шиелі ауданында ешқандай кәсіпорын мұндай құрылыс материалдарын өндірмейтіндігін, құрылыс нысандарының көптеп салынуына байланысты өндірілетін өнімге сұраныстың жоғары болатындығын ескере отырып, жеке кәсіпкердің жобасы сәтті жүзеге асатындығына сенімділікпен қарауға болады.
Соңғы кәсіпкерлік нысаны «Шиелі такси» компаниясының таксопаркі болды. Оны ұйымдастырушы Шиелі кентінің кәсіпкері Тұрсынай Есенова. Бизнеспен сонау 1996 жылдан бері сауда-саттық саласында айналысып келген Түрсынай, 2012 жылы өз кәсібін жаңа деңгейге шығарып, такси компания ашуға бел буды. Игі бастамасын жүзеге асыруға кәсіпкер «БТАБанк» АҚ-нан 5 млн.880 мың теңге көлемінде жылдық 14 % сыйақымен несие рәсімдеп, Lada "Granta” маркалы су жаңа көліктер сатып алды. «БЖК2020» бағдарламасы шеңберінде ЖК «Есенова Тұрсынайдың» несиесінің 7 %-ын мемлекет өтейді. Кәсіпкер айтуы бойынша осы салада бизнес бастағанына ол мүлде өкінбейді, себебі Шиелі тұрғындары арасында бұл қызмет сұранысқа ие, сонымен қатар халық та қызмет сапасына оң бағасын беріп отыр. Ең бастысы тұрғындар үшін өте ыңғайлы және қолжетімді. Қазіргі таңда бизнесін дөңгелетіп отырған,еңбекқор кәсіпкер әйел 20-ға жуық ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысында «БЖК2020» бағдарламасы жүзеге асқан уақыттан бастап, құны 20,5 млрд теңгені құрайтын 224 субсидиялау келісім-шартына қол қойылып, осы уақыт аралығында шағын және орта бизнес субъектілерінің жоблалары бойынша 1млрд. 666 млн теңге көлемінде субсидия төленді. Ішінара кепілдендіру бағдарламасы бойынша барлығы 1 млрд. 279 млн. теңге көлемінде 50 жоба қолдау тауып, 70 %-ға дейінгі Даму Қорының кепілдемесін алу арқылы шағын және орта бизнес өкілдері 7 % -дық несиеге қол жеткізе алды. 50 жоба бойынша берілген кепілдеме құны 636,3 млн. тенгені құрайды. Қызылорда облысы республика аумағында ішінара кепілдендіру жобасын жүзеге асыру бойынша 5-ші орында келеді.