БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ
Кеше Қызылорда облысының қорғаныс департаментінің жеке құрамы
28 маусым - «Байланыс және ақпарат қызметкерлері» күніне орай шара ұйымдастырды.
Айтулы шарада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ақпараттық-имиджін насихаттап жүрген өңіріміздегі бір топ журналистері қорғаныс департаментінің марапатына ие болды.
Облыстық қорғаныс департаментінің бастығы полковник Еркінбек Серғалиұлы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің төл мерекесімен құттықтады.
«Сіздерге Қарулы Күштердің тыныс-тіршілігін кәсіби тұрғыда жариялап, оң имиджін қалыптастырудағы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Сіздер бүгінде құрылғанына 26 жыл толып отырған Қарулы Күштеріміз бен оның бейбіт замандағы қаһармандары туралы жағымды жаңалықтарыңыз арқылы жастарды Отанды сүюге тәрбиелеуге үлкен үлес қосып келесіздер. Бұл дегеніміз ̶ әскери сала мен Отанымыздың қорғаушыларының қызметтерін өзара үйлестіру арқылы еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының мінберінің жоғары дәрежеде дамығаны!
Сыр елінің журналистері алдағы уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Елбасы Н. Ә Назарбаевтың саясатын қолдай отырып, әскеріміздің қарыштап дамуына әрі қарай ізденіске толы ақпараттар дайындауда жоғары нәтиже көрсете білетініне сенімдімін!.» - деді полковник Е. Байболов.
Шара соңында журналистер қауымы әскери саланың азаматтарына алғыстарын жеткізді.