28 МАУСЫМ КҮНІ ҚАЗАҚСТАНДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
«Қазгидромет» РМК-ның өкілдері бейсенбі, 28 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жауын жауса, бірқатар аймақтарда жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Тек елдің батысында ғана күн ашық болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының бірқатар аймақтарында жел тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз жел тұрып, бұршақ жаууы ды ықтимал, түнде тұман түседі.
Алматы, Ақтөбе, күндіз Қостанай, Қызылорда облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді. Қостанай облысында түнде тұман түседі.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Бұршақ жаууы да мүмкін. Қарағанды облысында түнде және таң ата тұман түседі.
Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық болады. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.
Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, облыстары мен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында өрт қауіпі сақталады.