ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев облыста жұмыс жасап жатқан шетелдік инвесторлармен кездесті.
Кездесудің мақсаты - облыс көлемінде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларды жұмыс барысымен танысу, жобаны іске асыруда кездесетін түрлі әкімшілік кедергілерді және өзге де проблемалық мәселелерді талқылау, жобаны сүйемелдеу шараларын пысықтау болып отыр.
Кездесуге аймақтағы ең ірі 7 инвестициялық жобаны жүзеге асыратын 6 инвестор компания басшылары мен өкілдері қатысты.
Кездесу барысында шетелдік инвесторлармен сұхбат жүргізіліп, әрбір жоба бойынша болуы мүмкін әкімшілік кедергілер талқыланды. Инвесторлардың алдындағы кездесуі мүмкін проблемалық мәселелер соның ішінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуде кездесуі мүмкін проблемалар қаралды.