МҰНАЙДЫҢ ӘЛЕМДІК БАҒАСЫ ЕДӘУІР ӨСТІ
Сейсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша, Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында мұнай бағасы айтарлықтай өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сауда қорытындысы бойынша, тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны Лондонның ICE Futures биржасында 1,58 долларға өсіп, барреліне 76,31 долларды құрады.
WTI маркілі мұнай фьючерстерінің құны тамыз айындағы жеткізілім бойынша, Нью-Йорктің тауар биржасында (NYMEX) 2,45 долларға өсіп, барреліне 70,53 долларды құрады.