ЕЛІМІЗДІҢ КЕЙБІР АУМАҒЫНДА КҮН ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның солтүстік-батысында, оңтүстігінде және шығысында атмосфералық ағымдардың өтуінен күн райы құбылмалы болады. Кей жерлерде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, ал республиканың қалған аумағында күн ашық болады деп күтілуде. Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Қазгидрометтің мәліметінше, Алматы облысында Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі деп болжанған. Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.