ҚЫЗЫЛОРДАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА КҮНІНЕ БҰҚАРАЛЫҚ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ
Бұл шеруге кәсіби велошабандоздар мен әуесқой велосипед тебушілер қатысып, 12 шақырым жерді қала көшелерімен жүріп өтті. Сөре «Сыр-Ана» монументінен басталып, Тәуелсіздік даңғылы, Қонаев, Әйтеке би көшелері арқылы орталық алаңда мәреге жетті. Мәреде спорт сүйер қауым мен қала тұрғындары жас каратэшілердің көрсетілімін тамашалады. Сонымен қатар, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов мерекемен құттықтап, велошеру қатысушыларына Халықаралық және Ұлттық Олимпиада комитетінің сертификаттарын табыстады.
Айтулы шара облыста бұқаралық спорттың дамуына, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы тұрғындарды спортқа тарту, баулу, қатысушылардың шеберлігін шыңдау мақсатында бағытталған.