«ҚОРҚЫТ МЕКЕНІНДЕ»: ҚЫЗЫЛОРДАДА НОҒАЙ СУРЕТШІСІ ӘЛІБЕК ҚОЙЛАҚАЕВТЫҢ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ
Қызылорданың 200 жылдығына орай көркемсурет галереясында 14-24 маусым аралығында ноғай суретшісі Әлібек Қойлақаевтың графикалық суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде 40 жуық туынды көрермен назарына ұсынылды.
Суретшінің айтуынша, ол біраз уақыт түркі әлемінің абызы Қорқыт атаның туған жеріне баруды армандап жүрген.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев көрмені аралап, авторға шығармашылық табыс тіледі.
Жас суретші-график, иллюстратор және киім дизайнері Әлібек Қойлақаев Дагестандағы Тереклі-Мектеб ноғай ауылының тумасы. Суретші Ұлы дала және ноғай халқы батырларының тарихына үлкен қызығушылық танытуда.
Бұрын Әлібек Қойлақаевтың жеке көрмелері Мәскеу, Махачкала, Санкт-Петербург, Ставрополь және Пятигорск қалаларында өткізілген болатын.