БАЙҚОҢЫРДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАР ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ
Мәскеу қаласында «Байкоңыр» кешеніне қатысты Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссия отырысы өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Байқоңыр қаласында Қазақстан қаржыландыратын 6 білім ордасы бар. Аталған мектептер 2015 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап қазақстандық стандартта білім беретін болады. Екі ел Үкіметі 20-шы желтоқсанға дейін қол қоюға қажетті құжаттың жобасын дайындауға келісті.
Сондай-ақ, жұлдызды қалашықтағы 100 келушіге арналған әйелдерге кеңес беру орталығы бар 80 орындық перзентхана Ресей Үкіметіне жалға беріледі. Бұл 2015 жылдың 1-ші ақпанында жүзеге асады. Бұған қатысты құжаттарды 19-шы желтоқсанға дейін ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі, Қызылорда облысының әкімдігі, РФ-ның медициналық-биологиялық федералдық агентігі және Байқоңыр қаласының әкімшілігі бірлесіп әзірлейді.