ЦИФРЛАНДЫРУ – БАСТЫ БАҒЫТ
Елбасының тапсырмасына орай қабылданған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының 2018-2022 жылдарға арналған іс-шара жоспарына сәйкес Сырдария ауданы әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту мақсатында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен барлық мектептерде тұрғындарға оқыту жұмыстары жүргізілді.
Жалпы оқыту жұмыстарында 1437 азаматқа тиісті кеңестер беріліп, цифрландырудың тиімділігі түсіндірілді.
Оқыту іс-шаралары барысында аудан тұрғындарына базалық бағдарламармен, электронды үкімет порталымен және ашық үкімет порталымен жұмыс жасау қағидалары түсіндіріліп, практикалық және теориялық кеңестер берілді.