СЕРІКТЕСТІККЕ УАҚЫТША ӨТЕМДІК ТАРИФ ЕНГІЗІЛДІ
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 7-2) тармақшасы табиғи монополия субъектілерін тарифтiк сметаны орындауға міндеттейді. Алайда, субъектілермен Заңның бұл нормалары әрдайым сақталмайды және тарифтік сметаның орындалуы бекітілген тарифтік сметамен анықталған шығындар баптарына сәйкес жүргізілмейді.
Осыған орай, уәкілетті орган табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға келтірген залалдарды өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға міндетті.
Осылайша, «МЧ» ЖШС-нің2017 жылдың қорытындысы бойынша тарифтік сметасының орындалуына жүргізілген талдау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне 2018 жылғы 1 шілдесінен бастап уақытша өтемдік тариф1 вагонға ҚҚС-сыз 937,35 теңге мөлшерінде қолданыстағы тарифке қарағанда 11,9 пайызға төмендетіліп енгізілді, ондағы тұтынушыларға қайтару сомасы қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып 146,745 мың теңгені құрады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігі Табиғи монополияларды
реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда
облысы бойынша департаменті