ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ПОЙЫЗ БИЛЕТІН ҚАЙТАРҒАНДА 1000 ТЕҢГЕ ТӨЛЕЙТІН БОЛДЫ
19 маусымнан билетті қайтару үшін жаңа комиссиялық алым енгізілді, деп хабарлайды Kazpravda.kz.
"Компания 2018 жылы 19 маусымнан жолда жүру құжаттарын (билеттерді) қайтару үшін төленетін комиссия алымы ұлғайтқанын және ҚҚС есепке алғанда 1000 теңге көлемінде болып бекітілгенін хабарлайды. Бұл шара жолаушылар тарапынан теріс пайдаланушылықтың алдын алу, табыстан арылу қаупін төмендету және қоғам табысын ұлғайту үшін жасалып отыр", – деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ.
Комиссиялық алым компанияның барлық пойыздары мен өзге темір жол әкімшіліктеріне бекітілді. Компанияда 1000 теңгеден аз соманы қайтарғанда комиссиялық алым алынбайтынын айтты.