ҚЫЗЫЛОРДАДА ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ
Бүгін Қызылордада тәуелсіздік күні орай «Тәуелсіз Қазақстан – тұғырлы ел» атты салтанатты жиын өтті. Шараға аймақ басшысы Қ.Көшербаев қатысып, үздіктерді марапаттады.
«Тәуелсіздік – дәуір мен уақыттың бізге берген үлкен сыйы, Мәңгілік ел болуға талпынған халқымыздың мәңгілік құндылығы» деп сөз бастаған өңір басшысы тәуелсіздік жылдарындағы жасампаз жұмыстарды айтып берді.
Расында тарихи тұрғыдан алғанда 23 жыл аз мерзім болғанымен, ғасырға татитын жұмыстар атқарылды. Бүгінде Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 30 мемлекетінің қатарына қосылуды мақсат етіп, дүбірлі дамудың даңғыл жолына түсті.
- Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, ата-бабалар аманаты. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің ар¬қа¬сында негіз қалай алдық, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Ел тәуелсіздігі, сондай-ақ, Сыр халқына мұнайдың игілігін көрумен бірге көгілдір отынды да тұтынуға жол ашты. Қазан айында Қызылорда әуежайына «халықаралық» мәртебе берілді. Сырдария өзенінің бос жатқан сол жағалауын игеру үшін өзен арқылы өтетін көпірдің құрылысы басталды. Сонымен бірге, «Қарағанды – Жезқазған - Қызылорда» автожолының құрылысы бастау алмақ. САРАТС жобасының екінші кезеңін қаржыландыру мәселесі шешілді. Күріштен рекордтық көрсеткіште өнім алынды. Үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесі шешілді. Апаттық жағдайдағы мектептерге келетін болсақ, биылдың өзінде 25 апаттық жағдайдағы мектептің жартысы қайта салынса, қалған мектептердің құрылысы келер жылы басталады. Бір сөзбен айтқанда, осының бәрі - тәуелсіздігіміздің, Елбасының кемел саясатының жемісі.
Салтанатты жиын барысында аймақ басшысы Тәуелсіз елдің дамуына үлес қосып жүргендер «Парасат», «Құрмет», ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен, ҚР Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал Абзал Ералиев пен Уәлихан Бишімбаев «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атығын алды.
Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың ән-шашуымен жалғасты.