ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІЛДІ
Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Жосалы кентінде өрттің алдын-алу мақсатында мүгедектер мен жалғызбасты зейнеткерлер арасында үгіт-насихат жұмысы жүргізді. Жосалы кентінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж 80 адам бар. Әдетте, мұндай адамдар физикалық шектеулерге байланысты өрт болған жағдайда өз бетінше әрекет ете алмайды.
Сондықтан қызметкерлер өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын және өрттің негізгі себептерін түсіндірді. Зейнеткерлер бұдан әрі қарай да түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында тіркеуге алынды.