ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫНДА БОЛДЫ
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры Динара Мырзахметова бастаған орталық қызметкерлері облыстық ана мен бала орталығына келді. 2017 жылы Қызылорда облысында ана мен бала өлімі тіркелмеген.
Мамандардың айтуынша бұған біз жоғары дәрежелі мамандар мен медициналық көмек көрсетудің озық әдістерін пайдалану арқасында қол жеткіздік. Облыстық перинаталды орталықта жүктілік пен патологияның күрделі жағдайларында жоғары деңгейде және шұғыл көмек көрсетіледі.
Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының мамандары перинаталды орталықтың жұмысымен танысып, жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшелерін тексерді. Сондай-ақ, ана мен бала орталығының қызметкерлерімен әңгімелесіп, болашақ аналармен кездесті.
«Kyzylorda-news»