«АТАМЕКЕН» ОТБАСЫЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ БАЛАЛАР ҮЙІ КОМАНДАСЫ - ФИНАЛДЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ

Айта кетейік, 19 маусым күні Алматы қаласында футбол бойынша «Арманға қарай» балалар үйінің тәрбиеленушілері арасындағы чемпионаттың ақтық кезеңі басталған болатын. Жеңімпаздар үшін басты жүлде - Франциядағы «Пари Сен-Жермен» клубының футбол базасына жолдама.
«Қайраттың» ойыншысы Елдос Ахметов чемпионаттың соңғы кезеңінің ашылуына барып, турнирдің қатысушыларына қолдау білдірді.
– Сіз қазірдің өзінде ең күшті командалардың бірі болдыңыз. Алға деген ұмтылыс-ниеттеріңіз қашан да жемісін әкеледі. Өз күштеріңе сеніп, әрдайым ауызбіршілікте болыңдар, өйткені футбол - командалық ойын, - деді Ахметов.
Іріктеу турдан ақтық сайыстарға сүрінбей өткен 9 үздік командалардың ішінде Қызылорданың «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар үйінің жеткіншектері де да бар.