ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Бүгін Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев Түркиядан келген делегацияны қабылдады, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Делегация құрамында Болу қаласының мэрі Алааддин Йылмаз және жұбайы Гүлер Йылмаз, мэрия орынбасары Емине Даваржыоғлу, мэрия мәслихатының мүшесі Тахсин Акдуман және үйлестіруші Мехмет Четиндер бар.
Айта кетейік, Болу қаласы түркі халықтарының танымал Көроғлу аңызы шыққан өңір болса, Қызылорда түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт Бабамыз мекендеген киелі өңір.
Шаһар басшысы Нұрлыбек Машбекұлы кездесу барысында екі ел арасындағы сан-салалы байланыс алдағы уақытта жоғары деңгейге жетіп, бауырластығымыз, туыс - жақындығымыз арта түсеріне сенім білдірді. Сондай-ақ, өңіріміздің тарихы мен бүгінгі таңда жеткен жетістіктерімізге қысқаша тоқталып өтті.
Сыр топырағына алғаш табан тіреген Болу қаласының мэрі Алааддин Йылмаз өз кезегінде бауырлас екі қала арасындағы қол қойылатын меморандум «Алтың ғасырдың» жаңа бастамасы болып, екі ел арасындағы жаңа маңызға ие еркше тарихи құжат ретінде қабылдайтындығын жеткізді. Сонымен қатар, барша Қазақстандықтарды еліміздің ең мерейлі мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Шара соңында Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев және Болу қаласының мэрі А.Йылмаз экономикалық, мәдени-гуманитарлық және әлеуметтік ынтымақтастықты, бауырластық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мақсатындағы меморандумға қол қойды.
Фариза ОМАРОВА